Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Наурыз жәрмеңкесі өтті

21-нау-23

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күніне орай, Наурыз жәрмеңкесі өтті.

Мерекелік іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, факультет ардагерлері, ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жәрмеңке ректорат ғимараты алдындағы алаңда басталды. Онда факультеттер жанындағы мұражай экспонаттарының көшпелі көрмесі, оқытушылар мен студенттер жетістіктері және түрлі көркемөнер туындылары қойылды. Бағдарлама аясында ұлттық ойындар, спорттық жарыстар және баспа өнімдерінің сатылымы ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, биылғы Наурыз жаңа форматта ұйымдастырылғанын атап өтті.

 

Сондай-ақ университет игілігі үшін төрт киіз үй арнайы тапсырыспен дайындалғанын, ендігі жерде жыл сайын жалға алу қажеттілігі болмайтынын жеткізді.

Соңынан университет ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, Наурыз жәрмеңкесі мерекелік концертке ұласты.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі