Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Наурыз мейрамына ерекше тарту жасады.
Оқу орнының басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың тапсырмасымен Өндірістік қамтамасыз ету департаменті қолдан киіз үй құрастырып, Ұлыстың ұлы күні пайдалануға берді.

Он екі қанатты киіз үйлер оқу орнының шаруашылық цехында темірден жасалып, үзік-туырлығы арнайы тігілді.

Жасау-жиһазы мен жабдық-бұйымдары қосымша қойылып, желбаулары мен төгілме шашақтары және өрнекті басқұрлары Баспасөз қызметінің күшімен әзірленді.

Төрт киіз үй алдағы уақытта мемлекеттік мерекелер мен студенттер шараларында қолданылатын болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі