Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

26-нау-23

  • Университет ректоры Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.
  • Жансейіт Қансейітұлы университет қалашығындағы «Жаңа Қазақстан: Қоғамды ұйыстыратын құндылықтар» тақырыбында өткен Наурыз мерекесіне қатысып, мерекелік лебізін жеткізді. 
  • Оқу ордасының басшысы «Жаңа Қазақстан: Қоғамды ұйыстыратын құндылықтар» мерекелік бағдарламасы аясында “Наурыз-Арт” суретшілер көрмесінің ашылу рәсіміне және жатақханадағы Наурыз мейрамына қатысты. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы және шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерімен, консулдармен бірге ҚазҰУ-да Наурыз мейрамы аясында бой көтерген “Шеберлер ауылын” аралап, Наурыз мерекесінің әлем елдерінде тойлану үрдістерімен танысты.
  • Сондай-ақ ректор Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған Наурыз жәрмеңкесіне қатысты. 
  • Жансейіт Түймебаев филология факультетінің оқытушыларымен бірге «Қазіргі қазақ тілі: графика және орфография» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. 
  • Жансейіт Қансейітұлы ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй бастаған делегациямен кездесіп,серіктестікті одан әрі арттыру бойынша мәселелерді талқылады. 
  • ҚазҰУ басшысы барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.