- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ БІЛІМІН ШЫҢДАУ ЖОЛЫ
27.03.2023Экономика және бизнес жоғары мектебінің Менеджмент кафедрасы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент», «Инновациялық менеджмент» және «Жобаларды басқару» мамандарын үш деңгейде (бакалавриат, магистратура, докторантура) даярлайды. Жаһандық стандарттарға сай сапалы мамандар даярлау Менеджмент кафедрасының басты мақсаттарының бірі. Осы мақсат аясында кафедра жыл сайын магистранттар мен докторанттарға дәріс оқуға Хирш индексі жоғары шетелдік профессорларды шақырады.
2022/23 оқу жылында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы бойынша Финляндияның Jyvaskyla университетінің профессоры, PhD А.Шейх (Хирш индексі – 16), Ресей Федерациясы Ғылыми коммуникациялар институтының президенті, э.ғ.д. Е.Попкова (Хирш индекі – 34) шақыртылды.
Оқу бағдарламасы аясында профессор А.Шейх бір ай көлемінде білім алушылар мен оқытушы-профессорлар құрамы үшін «Understanding the digital business & digital economy for sustainable growth in Kazakhstan» курсы бойынша семинар сабақтарын өткізді. Докторлық, магистрлік диссертациямен бірге, басшылық жасау және кеңес беру, оқу орнының қызметкерлері үшін «How to conduct scientific research and how to use data analysis applications: NVivo and SmartPLS in research?», «How to develop theoretical models & frameworks and how to use them in scientific research for publication in high-quality Scopus journals?», «How to promote the scientific research publication culture in Kazakhstan?», «How could scientific research benefit the Kazakhstan Government, Industry, and Society?» деген тақырыптарға арнап, оқыту тренингтері мен семинарларын өткізді.
Ал Ресейдің Ғылыми коммуникациялар институтының президенті Е.Попкова 2022/23 оқу жылының күзгі семестрінде ЭжБЖМ 1-курс докторанттарына «Ғылыми зерттеудің әдістері» пәні бойынша онлайн форматта қашықтан дәріс оқып, семинар сабақтарын жүргізді. Сонымен бірге профессор Е.Попкова ҚазҰУ магистранттары, докторанттары және оқытушылары үшін «Халықаралық ғылымға интеграция: рецензияланған журналдар мен мәліметтер базасы» курсы бойынша семинар өткізді.
Менеджмент кафедрасының жас ғалымдардың білімін шыңдап, ғылымдағы тәжірибесін жетілдірудегі осындай қызметтері университеттің отандық және халықаралық ғылыми қоғамдастықтағы бет-бейнесі мен орнын нығайтуға оң ықпал етуде.
Ардақ ТҰРҒЫНБАЕВА,
экономика ғылымының докторы