Жаңалықтар

Erasmus+ жобасымен Лиссабон университетінде оқу үшін конкурсқа өтініш беру басталды

28-нау-23

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттары!

Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаменті ISCTE – University Institute of Lisbon университетімен (Лиссабон, Португалия) Erasmus + Халықаралық кредиттік ұтқырлық жобасы аясында 2023-2024 академиялық жылдың күзгі семестрінде оқу үшін өтініш беру туралы конкурс жарияланғанын хабарлайды. ISCTE оқу пәндері бойынша төмендегідей бағыттарды ұсынады:

  • Автоматтандыру және басқару
  • Робототехникалық жүйелер

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 15 сәуір 2023 жыл

Қосымша мәлімет алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментіне хабарласыңыз: Ректорат, 12-қабат, 1204 кабинеті, тел: +7 (727) 3-77-33-33 (14-67)