Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дамаск қаласындағы Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығына таңдаулы кітаптар мен киіз үй жіберді.
Орталыққа әл-Фарабидің шығармалар жинағы, ғұлама туралы зерттеу еңбектері, Қазақстан және жетекші университет тарихына қатысты кітаптар қоры сыйға тартылды. Сонымен қатар гуманитарлық көмек ретінде киіз үй қоса жөнелтілді.

Сирия астанасында орналасқан тарихи кешеннің негізі 2008 жылы қаланған болатын. Ол үш қабатты ғимарат, мешіт, әл-Фарабидің бейіті мен зиярат етіп келушілерге арналған орын, кеңселік және оқу аумақтарынан, кітапхана мен экспозициялық залдардан тұрады.

Бүгінде нысанды қолдану және басқаруды Қазақстан мен Сирия бірлесіп жүзеге асыруда. Қазақстан тарапынан ұлы ойшыл туралы ақпараттар мен тарихи мәліметтерді жинау жұмысы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жүктелген, ал Сирия тарапынан Дамаск университеті жауапты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі