Жаңалықтар

ҚазҰУ-да ауызашар берілді

6-сәу-23

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Рамазан айында арнайы дастархан жайып, ораза тұтқандарға ауызашар берді.

Ауызашар дастарханында мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, университеттің ақсақалдары, оқу ордасында ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнеткерлік демалысқа шыққан оқытушылар және өмірден өткен ардагерлердің жарлары мен ұл-қыздары, ғалымдар бас қосты.

Жиылған қауымды университет ректоры Жансейіт Түймебаев қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

Сондай-ақ өз сөзінде Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың жетістіктерін атап өтіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Игі шарада бас қосқан ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері ҚазҰУ ректорына алғыс білдіріп, білім ордасының алдағы жоспарлары мен бастамаларына табыс тіледі.

 

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі