Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері Польша университетінің сертификатына ие болды

10.04.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің студенттері Польшаның AGH университеті ұйымдастырған «Конструкциялардың жай-күйін бақылау және бұзбайтын әдістермен сынақтан өткізу» атты халықаралық онлайн-курсына қатысты.

Машина жасау және робототехника факультеті – AGH ғылым және инженерия университетінің ең көне және ең ірі факультеттерінің бірі. Сабақ барысын аталмыш факультеттің білікті профессорлары Лукаш ПЕЧОНКА, Кшиштоф ХОЛАК, Якуб СПАЙТЕК, Каэтан ДЗЕДЗЕХ жүргізді. Курс инженер мамандығында оқитын студенттерге арналған. Тыңдаушылар өнеркәсіптік қолданыстағы конструкциялардың жай-күйін бағалау және мониторинг негіздерімен танысты.

Курста SHM (конструкцияның жай-күйін бақылау) және NDT (бұзбайтын сынақ) технологияларын енгізу себептері, сондай-ақ олардың жұмыс істеу принциптері, соның ішінде жасанды интеллект әдістерін пайдалана отырып, деректерді алу, өңдеу және интерпретациялау әдістері қамтылды.

Бес күнге созылған онлайн сабақтар барысында қатысушылар мұғалімдермен араласып, сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Лекторлар өздерінің теориялық білімдерімен, сондай-ақ SHM және NDT әдістерінің маңыздылығын нығайту үшін айтарлықтай практикалық және өндірістік тәжірибелерімен бөлісті.

«Тұрақты индустрия 4.0 бағытында білім беру мақсатында АГХ-да (расшифровка жасау) демалыста оқыту» жобасы аясында жүзеге асырылған курс нәтижесінде Механика кафедрасының 4-курс студенттері Абдидин Алина, Момыш Назерке және Убиев Арман халықаралық сертификатқа ие болды.

 Динара ТУРАЛИНА,

ф.-м.ғ.к, кафедра меңгерушісінің орынбасары