Жаңалықтар

Шетел азаматтарын оқуға қабылдау басталды

10-сәу-23

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-ларында білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы.

Үміткерлер құжаттарды 2023 жылдың 30 маусымына дейін онлайн тапсыра алады.

Құжаттарды тапсыру бойынша қадамдық нұсқаулық:

n-s-auly.pdf (enic-kazakhstan.edu.kz)

Шетелдік студенттер үшін Қазақстан бойынша гид:

pamyatka-kazahskiy-yazyk.pdf (enic-kazakhstan.edu.kz)

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және эл. пошта арқылы хабарласуға болады:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31
E-mail: admission@n-k.kz

    Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша қосымша мәлімет алу үшін төменгі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:

broshyura---2023-kazahskiy-yazyk.pdf (enic-kazakhstan.edu.kz)