Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ МЕКЕНІ» тақырыбына эссе байқауын жариялаймыз

11.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «KREATIVTİ QAZAQSTAN» халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып республикамыздағы жалпы білім беретін білім ордаларындағы оқушылар арасында «ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ МЕКЕНІ» тақырыбына эссе байқауын жариялайды.

 Байқаудың мақсаты: мектеп оқушыларын мемлекетімізде қалыптасқан татулық пен ынтымақтастық және рухани мәдениеттің қадір-қасиетін біліп, түсініп, бағалауға бейімдеу арқылы Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту, рухани мәдениетті дамыту.

 Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 3 сәуір мен 20 сәуір аралығында kreativsentr@gmail.com электронды поштасына қабылданады. Осыған байланысты байқау шарттары туралы ақпаратты білім ордаларының басшылары мен ұстаздары, оқушылары назарына жеткізуді сұраймыз.

 Байқау жеңімпаздары kaznu.kz сайтында жарияланады.

 

«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ МЕКЕНІ» тақырыбындағы республикалық эссе байқауының

  ЕРЕЖЕСІ

 Байқаудың мақсаты

 – Мектеп оқушыларын мемлекетіміздегі татулық пен бейбітшілікке үлкен құрметпен қарауға баулу;

– Мемлекетіміздегі рухани мәдениеттің дамуы мен қалыптасу туралы білімдерін тереңдету;

– Республика бойынша «ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ МЕКЕНІ» тақырыбында жазылған ең үздік эссені анықтау.

 

   Байқаудың өту тәртібі

        Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.

        Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы әділқазылар алқасы құрылады. Сонымен қатар ұйымдастыру алқасының өкілдерінен арнайы ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.

     Әділқазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

     Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.

     Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

     Байқауға кез келген жалпы білім беретін ұйымдарының 9-17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.

 

     Байқау тапсырмасы

   «ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ МЕКЕНІ» тақырыбында эссе жазу (көлемі – 2-3 бет, Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Эссе көшірме болмауы керек.

      Ескерту: басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады.

 

   Байқаудың марапаттау рәсімі

      Байқауға келіп түскен жұмыстар іріктеліп, «KREATIVTİ QAZAQSTAN» халықаралық ғылыми-әдістемелік журналының сайтында жарияланады.

      Бас жүлде (1) – диплом, байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған «Жасампаз жас» төсбелгісі мен куәлік

      І орын – диплом, «Жасампаз жас» төсбелгісі мен куәлік

      ІІ орын – диплом, «Жасампаз жас» төсбелгісі мен куәлік

      ІІІ орын – диплом, «Жасампаз жас» төсбелгісі мен куәлік

 

     Жұмыстары жоғары деңгейде жіберілген қатысушыларға Құрмет грамотасы беріледі.

   Барлық қатысушы оқушылар арнайы СЕРТИФИКАТПЕН, ЖЕТЕКШІЛЕРІ АЛҒЫС ХАТТАРМЕН марапатталады.

 

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8 747 769 7129; 8 707 476 7705.

 

Өтініш беру үлгісі


 «ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ МЕКЕНІ» тақырыбында жазылған ең үздік эссе байқауына қатысу туралы өтініш

 Оқушының аты-жөні, тегі      

Облыс, қала, ауыл мекенжайы, индекс (міндетті)        

Білім беру мекемесінің толық атауы         

Қатысушының эл. поштасы   

Байланыс нөмірі 

 

Ескерту: Өтініш ворд нұсқасында көрсетілген үлгі бойынша қабылданады. Өтініштің қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.