Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

16-сәу-23

  • Жансейіт Түймебаев ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің қатысуымен өткен «Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» атты ғылыми-инновациялық көрмесін тамашалады.
  • Ректор ҚазҰУ қалашығы құрылысы ІІ кезеңінің басталуына байланысты естелік капсула салу рәсіміне қатысты.
  • Жансейіт Қансейітұлы Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджумен жүздесті.
  • Оқу ордасының басшысы Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының VI отырысына қатысып, сөз сөйледі.
  • Жансейіт Қансейітұлы Пенсильвания университеті заң факультетінің деканы Стивен Барнс пен бұрынғы АҚШ елшісі, профессор Денис Джеттпен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кейін ректор Денис Джеттің көшбасшылық дәрісіне қатысты.
  • Жансейіт Түймебаев «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасовпен бірге ҚазҰУ жас ғалымдарының көрмесін тамашалады.
  • Ректор Ғылым апталығы аясында өткен жас ғалымдар байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
  • Жансейіт Түймебаев Әзербайжан, Қырғызстан, Башқұртстан, Татарстан, Моңғолия, Түркия Ғылым академиялары Президенттерімен және Хазар университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • ҚазҰУ басшысы еліміздегі ғалымдарды 12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады.
  • Жансейіт Қансейітұлы «Мұсылмандық Мысыр билеушісі: Қыпшақ текті Бейбарыс сұлтан және оның заманы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, баяндама жасады.
  • Ректор Ресей Федерациясынан келген Оңтүстік Федералды университетінің жобалық қызмет жөніндегі проректоры Максим Бондарев және Халықаралық қызмет басқармасының басшысы Рубен Цицуашвилиді қабылдады.
  • Жансейіт Түймебаевтың «Ғылым табыс көзіне айналуға тиіс» атты мақаласы "Егемен Қазақстан" газетіне және университтегі ғылым саласы бойынша берген сұқбаты «Айқын» газетіне жарияланды.