Жаңалықтар

«Қазақ жерінің батырлары» студенттік лекторийі өтті

18-сәу-23

Атаулы мерекелер – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әскери кафедрасында «Халық пен әскер бірлікте!» патриоттық акциясы өтті.

Акция барысында Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер, әскери тарих бойынша викториналар, Алматы қаласының есте қалатын жерлеріне экскурсиялар және Қазақстан тарихы бойынша презентация лекциялары ұйымдастырылды. Тақырыптық іс-шаралар тек Әскери кафедрада оқитын студенттермен ғана емес, қала мектеп оқушыларымен де өткізілуде.

Патриоттық акция аясында Әскери кафедра студенттері физика-математика мектебінің «Tamos education» студенттерімен дәріс өткізді.

Мектептің мәжіліс залында дәрісхананың модераторы қызметін атқаратын студенттер жарқын да мазмұнды презентация арқылы қазақ даласының қаһарман батырлары туралы, Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан батырлары туралы, қазақ армиясының құрылуы мен тарихы туралы айтты. Тарихи викторина элементтері мен жеке орындауларын біріктіретін дәріске мектеп оқушылары үлкен қызығушылықпен және белсенділікпен қатысты. Лекторий студенттер мен мектеп оқушыларының бірлескен «Аспандағы алтын қыран» ән композициясымен аяқталды.

Іс-шараны қорытындылаған мектеп директорының орынбасары Найля Текин ұжымға және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әскери кафедрасының бастығы, запастағы полковник О.Ажимовке әскери-патронаждық белсенділік танытқаны үшін шексіз алғысын білдірді. Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеуде одан әрі ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі