Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,
студенттері, магистрант, докторанттары!
Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында:
«Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.
Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар», – деп атап өтті.
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған барша мұсылманға амандық, саулық тілеймін.
Мемлекетіміздің тұғыры биіктеп, халқымыздың рухани күш-жігері арта берсін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, береке-бірлігіміз тарқамасын.
Ораза айт мейрамы әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін.
Айт қабыл болсын!
Ізгі ниетпен
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ