Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалпы университеттік сенбілік өтті.
Сенбілікке университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, 2500-ге жуық оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты.
Студенттер мен оқытушылар ұжымы оқу ғимараттары мен жатақханалардың айналасын ретке келтіріп, сенбілікке белсене атсалысты.
Бірлескен жұмыстар нәтижесінде университет аумағы ретке келтірілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі