Жаңалықтар

Жас таланттар назарына!

22-сәу-23

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті талантты студент жастар мен шетелдік білім алушылар арасында кастинг жариялайды.

Іріктеу келесі шығармашылық бағыттарды қамтиды:

Фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары: қобыз, жетіген, сыбызғы, шаңқобыз, домбыра, дауылпаз, саз-сырнай, шертер, асатаяқ және тағы басқа кәсіби музыкалық аспаптар.

Вокалдық музыка: халық әндері, қазақ және шетел композиторлары мен заманауи әндер.

Кастингтің көркемдік жетекшісі – аспаптық жанрдың халықаралық дәрежедегі шебері, республикалық және халықаралық аспаптық байқаулардың гран-при жүлдесінің бірнеше дүркін иегері, қобызшы Ерболат Мырзалиев.

Өтетін орны: ҚазҰУ кинотеатры

Уақыты: 24-28 сәуір 2023 жыл.

Сағат: 14:00-19:00