Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

23-сәу-23

  • Жансейіт Түймебаев Санкт-Петербор қаласына жұмыс сапарымен барды. 
  • Сапары барысында ҚазҰУ басшысы Ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінің ректоры Владимир Васильевпен кездесті.
  • Жансейіт Қансейітұлы Санкт-Петербор политехникалық университетінің ректоры Андрей Рудскиймен жүздесіп, оқу ордасының жұмысына қанықты.
  • ҚазҰУ ректоры Санкт-Петербор политехникалық университетінің «Технополис» ғылыми-зерттеу корпусының қызметімен танысты.
  • Жансейіт Түймебаев Петербор мемлекеттік университетінің ректоры Игорь Максимцевпен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 
  • Ректор философия ғылымының докторы, профессор, фарабитанушы ғалым Жақыпбек Алтаевтың 75 жасқа толуына орай құттықтау хат жолдады.
  • Оқу ордасының басшысы барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтады.