- Негізгі бет
- Жаңалықтар
әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің пәндік олимпиадасы
25.02.2009әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚазҰУ-дың Пәндік олимпиадалары» атты жаңа жоба ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің қатысуымен бастау алды. «Пәндік олимпиадалар» әрбір қабілетті қазақстандық оқушының сапалы білім алуына есік ашады.
Ашылу рәсімінде оқу бөлімінің проректоры Мұрат Орынханов өзінің баяндамасында қонақтарды ҚазҰУ талапкерлерін іріктеудің жаңа концепциясымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, оқу бөлімінің проректоры мерейтойлық жылда университеттің студенттік қатары дарынды, қабілетті және дайындығы жоғары студенттермен толығады деген үмітте. Пәндік олимпиадаларды өткізу тәртібі жайлы академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Гүлнәр Балақаева баяндап берді.
Қазақ ұлттық университетінің ең үздік профессорлары дарынды балалар үшін Алматы қаласына шықпай-ақ ҚазҰУ-ға оқуға түсу мүмкіндін беру мақсатында Қазақстанның 14 облыстық орталығына сапармен барады. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан оқушылар қатыса алады. Әрбір облыста олимпиада белгіленген уақытта өтеді.
Олимпиада қазақ тілі, орыс тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, физика, химия, биология, тарих (Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих), география пәндері бойынша өтеді. Олимпиадаға қатысушыларға тапсырмаларды орындауға 180 минутқа тең уақыт беріледі. Әрбір пән бойынша 10 жүлделі орын бөлінбек. Қорытынды ҚазҰУ-да өтетін пәндік олимпиадалардың салтанатты жабылу рәсімінде 2009 ж. 16 сәуір күні жасалады.
Облыстарда пәндік олимпиаданы өткізу кестесі, тіркелу ережелері, тапсырмалар мен т.б. ақпаратты абитуриент университет сайтында (www.kaznu.kz) таба алады.
ҚазҰУ мұндай шараны алғаш рет өткізіп отырған жоқ, айта кетсек, жуырда математика және информатика пәндері бойынша виртуалдық олимпиада өткізілген болатын. Алайда, сөзсіз, ең ауқымдысы осы олимпиада болмақ.
Алматы қаласы Білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Галина Самотокина университеттің бұл игі бастамасына алғысын білдірді. Оның пікірінше, қазіргі талапкер болашақ кәсібін өзі таңдау уақытына бұл бастама дөп келіп тұр.
- ҚазҰУ біз үшін тек еліміздің жетекші университеті ғана емес, сонымен қатар бізге болашақ әріптестерімізді даярлайтын серіктес, - деп қорытындылады ол.
Алматы қ. «Қаржы орталығы» АҚ өкілдігінің директоры А.Т. Ахметжанова мектеп директорларына білім беру саласын несиелеу жүйесіндегі жаңа ережелер туралы мәлімдеді.
Ашылу рәсіміне Алматы қаласы Білім департаментінің өкілдері, 70 мектеп директорлары қатысты. Сонымен қатар ашылу рәсімінде виртуалдық олимпиада жеңімпаздары марапатталды. Жапония және Қытайда халықаралық тәжірибе алмасудан өтіп келген шығыстану факультетінің студенттері Жұлдыз Ерназарова мен Виктория Тұржанова дайындаған тұсаукесерлер үлкен қызығушылық тудырды.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі