Жаңалықтар

Пуатье университетінен арнайы делегация келді

24-сәу-23

Ғылым апталығы аясында ҚазҰУ-дың механика-математика факультетіне Пуатье университетінің (Франция) делегациясы ресми сапармен келді.

Пуатье университеті – Еуропада алғаш ашылған оқу орындарының бірі. Делегация құрамында Пуатье университеті Математика кафедрасының меңгерушісі, профессор Джулиен Мишель, кафедраның халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, доцент Фарида Еникеева, халықаралық экономика бөлімінің меңгерушісі, доцент Филипп Роджон болды. Келген қонақтар білім ошағы туралы толық ақпарат берді. Математика саласы бойынша ғалымдарының ғылыми жетістіктерімен таныстырып, оқу үрдісі бойынша іс-тәжірибелерімен алмасты.

Кездесу барысында ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы, ф-м.ғ.д., профессор У.Әбдібеков екі университет арасында математика саласы бойынша байланысты нығайтуды ұсынды. Білім беру, ғылыми зерттеулер мен жобалар, білікті кадр даярлау бағыты бойынша жоспарлар пысықталды.

Әлемнің үздік университеттерінің іс-тәжірибелерімен танысу, пайдалы ақпараттарды алып, оны қолданысқа енгізудің пайдасы зор. Осындай тәжірибе алмасу университетіміздің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырып, сапалы маман даярлауға ықпал етеді.

 

Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының ұжымы