Жаңалықтар

ҚАНСЕЙІТ ӘБДЕЗҰЛЫ – «АЛАШ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

24-сәу-23

Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі Қансейіт Әбдезұлы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.

Қансейіт Әбдезұлына бұл сыйлық «Семсер» әдеби-сын жинағы мен баспасөздегі сын мақалалары үшін берілді.          

Көрнекті ғалым қазақ әдебиетінің тарихына арналған бірнеше оқулық пен оқу құралдарының авторы. Ол Ресей Ғылым академиясының әдебиеттану ғылымы саласындағы М.Шолохов атындағы Алтын медалінің иегері, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің «Құрметті қызметкері».

Қансейіт Әбдезұлын Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы иегері атануымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!