Жаңалықтар

Баскетболдан ҚазҰУ әйелдер құрамасы кезекті рет чемпион атанды

27-сәу-23

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Squirrels KazNU» әйелдер құрамасы 2022-2023 жылғы ұлттық студенттер лигасында баскетболдан чемпион атанды.

ҚазҰУ командасы Атырау қаласында өткен Қазақстан ұлттық студенттер лигасының финалдық кезеңінде жеңіске жетіп, чемпиондық атақтарын қорғап қалды.

«Squirrels KazNU» құрамасы Қазақ спорт және туризм академиясы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ командаларымен сайысқа түсті.

Топ құрамында команда капитаны Мәдина Бейбітова, Лия Югай, Диана Прицкау, Диана Хасенова, Ләззат Тұрсынова, Аружан Сүлейменова, Вероника Азимова, Малика Салиева, Азиза Рахман сынды шебер спортшы жастар сынға түсті.

«Squirrels KazNU» Оңтүстік-Шығыс дивизионы бойынша іріктеу кезеңінде де үздік шыққан болатын. Команда мүшелері алдағы уақытта жазғы универсиадаға дайындалады. Айта кетейік, қазіргі таңда «Squirrels KazNU» ҚР жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар қатарында.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі