Жаңалықтар
- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу
30.04.2023- ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев оқу ордасына жұмыс сапарымен келген Франция университеттерінің делегациясын қабылдады. Еуропалық және халықаралық стратегия жөніндегі вице-президент Карл Томбр бастаған француз өкілдерімен кездесуде тараптар бірлескен жобалардың даму перспективаларын қарастырды.
- Жансейіт Қансейітұлы халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн Мемлекет басшысының жарлығымен IІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған ҚазҰУ профессоры, Азия зерттеулер институтының директоры Гера Кимді құттықтады.
- Жансейіт Түймебаев Ташкент химия-технологиялық институтының (ТХТИ) делегациясын қабылдады. Тараптар әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.
- Жансейіт Қансейітұлы Ғылыми кеңестің кезекті отырысына қатысты. Жиында университет басшысы студенттердің бос уақытын пайдалы өткізуді және барлық факультетке халықаралық байланысты нығайтуды тапсырды.
- ҚазҰУ ректоры ҚХР Солтүстік-батыс политехникалық университеті (CБПУ) Халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің директоры Джанг Фулимен жүздесті. Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың Қытай университеттерімен табысты ынтымақтастық байланыстарына тоқталып, оқу ордасының ғылыми-білім беру саласындағы жұмысының бағыттары мен жетістіктерін таныстырды.
- ҚазҰУ басшысы Билкент университеті жанындағы Киберпарк бас директоры Фарук Иналтекинмен кездесті. Жүздесу барысында ғылыми-зерттеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыруға бағытталған ұсыныстар сараланды.
- ҚазҰУ ректоры «Фараби бізді достастырады» («Farabi made us friends») атты шетелдік студенттерге арналған алғашқы форумға қатысты. Жансейіт Қансейітұлы аталмыш шара достық қарым-қатынас, мәдени байланыстар мен тәжірибе алмасудың жаңа бағыттарына жол ашатынын атап өтті.
- Оқу ордасының басшысы француз университеттері делегациясының қатысуымен өткен «Жаңартылмалы энергия көздері: Қазақстан мен Франциядағы энергетикалық ауысудың дағдысы мен білімі» атты халықаралық конференцияға қатысты.