Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

14-мам-23

  •  Жансейіт Түймебаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен өткен Шора, Болат және Талғат Сарыбаевтардың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу рәсіміне қатысты. 
  •  Ректор жазушы, қоғам қайраткері Рахметолла Райымқұловтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Рахметолла Райымқұловтың әдеби мұрасы: Көркемдік және ұлттық мінез» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасады. 
  •  Жансейіт Қансейітұлы «Қазақ газеттері» бас директорының орынбасары – Алматы филиалының басшысы Думан Анашпен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 
  •  ҚазҰУ басшысы Ғылыми кеңес өткізіп, жиналғандар білім беру бағдарламаларына білім алушыларды сапалы қабылдау және университет қызметкерлері үшін тұрғын үй салу мәселелерін талқылады.
  •  Жансейіт Түймебаев барша қазақстандықтарды 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтады.