Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

21-мам-23

  • ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында Жансейіт Түймебаев Қытайға жұмыс сапармен барды.  
  • Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпинің қатысуымен өткен кездесуде университет ректоры Жансейіт Түймебаев пен ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ҚазҰУ-да ашу жөнінде келісімге қол қойды. 
  • Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ҚХР-ға мемлекеттік сапары барысында Сиань қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығын ашты. Ресми шарадан кейін Жансейіт Түймебаев Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен және институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • Ректор Қытайға жұмыс сапары барысында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің ректоры Сун Баовэймен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағытындағы мәселелерді талқылады.
  • Сондай-ақ Жансейіт Қансейітұлы Сиань Цзяотун университетінің президенті Ван Шугомен кездеcті.
  • ҚазҰУ басшысы Қытайдың CCTV (China Central Television) мемлекеттік телеарнасына арнайы сұхбат берді.
  • Ректор университетке арнайы келген Қырғыз Республикасының Тұңғыш Президенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті профессоры, Ресей Ғылым академиясының академигі Асқар Ақаевтың көшбасшылық дәрісіне қатысты. 
  • Жансейіт Қансейітұлы «Қазіргі халықаралық қатынастар және дипломатия: Қазақстан Республикасының рөлі мен орны» атты халықаралық қатынастар саласы мамандарының І форумына қатысып, баяндама жасады. 
  • ҚазҰУ басшысы Үндістанның Бомбей технологиялық институтынан келген делегацияны қабылдады.