Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

28-мам-23

  • Ректор ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен «Ислам ынтымақтастығы ұйымы – 15 диалог платформасы» министрлерінің бірінші кездесуінде баяндама жасады. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы ғылым-технология жөніндегі тұрақты комитеттің (COMSTECH) директоры Мұхаммед Икбалмен кездесіп, әріптестік қатынастарды одан әрі арттыру бойынша пікір алмасты.
  • Сондай-ақ ҚазҰУ басшысы Ислам ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының Ғылым және технология мәселелері жөніндегі орынбасары Асқар Мусиновпен кездесу өткізді.
  • Ректор ҚазҰУ-да дәстүрлі түрде өтетін  Түлектер күніне арналған мерекелік шараға қатысып, түлектерге сәт сапар тіледі.  
  • Жансейіт Түймебаев Корея Республикасына жұмыс сапары барысында Сеул кибер университетінің басшысы Ли Ен Чжомен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 
  • ҚазҰУ басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» академиялық курсының лекция-диалогына қатысты. 
  •  Оқу ордасының ректоры Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербор политехникалық университетінің делегациясын қабылдады.