Жаңалықтар

ҚазҰУ Гданьск университетімен әріптестікті нығайтуда

01.06.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті мен Польшаның Гданьск университеті өкілдері онлайн жүздесті. Онда екі ЖОО арасындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Кездесуге ҚазҰУ-дың тарих факультетінің деканы Досбол Байғонақов, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор Берекет Кәрібаев, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Рыскелді Мырзабекова, Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, PhD Ринат Жұматаев қатысты. Ал Гданьск университеті тарапынан доктор Магдалена Новак, Ландовский Збигнев, Дмитрий Панто келіссөз жүргізді.

Тараптар магистратура және докторантура деңгейінде студент алмасу, қосдипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, антропология, археология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау, тарих мамандықтары бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жасау, ғылыми-зерттеу бағытында тағылымдамадан өту, халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру, бірлескен ғылыми мақалалар жариялау мәселелерін ортаға салды.

Сондай-ақ ғалымдар Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейімен бірлескен археологиялық-этнографиялық экспедицияларды жүзеге асыру, антропологиялық ізденістер жүргізу, заманауи музей экспозицияларын жүзеге асырудың теориялық және практикалық жұмыстарын бірлесе зерделеу мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде өзара ықпалдастықты нығайту мақсатында екіжақты меморандум жобасы әзірленіп ұсынылды.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі