Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

4-мау-23

  • Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • Жансейіт Қансейітұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  жазушы-журналист Уәлихан  Қалижанның 75 жылдық мерейтойына арналған «Қаламгер, қайраткер, саясаткер» атты салтанатты жиынға қатысты. 
  • Университет ректоры Президент жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьямен кездесу өткізді. 
  • ҚазҰУ басшысы профессор, ҚР ҰҒА академигі Көпжасар Нәрібаевтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылуына  қатысты.
  • Жансейіт Қансейітұлы Жібек жолы университеттері желісінің (SUN) бас хатшысы Хван Сундонмен кездесті.
  • Жансейіт Түймебаев Орталық Азия мен Моңғолиядағы Google for Developers және Google for Startups үйлестірушісі Асқар Айтуовты қабылдады.
  • Оқу ордасының ректоры Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің 80 жылдығына арналған «Қазақ әдебиеті: фотошежіре 1920-1970 жылдар» атты фотоальбомның тұсаукесер рәсіміне қатысты.
  • Жансейіт Қансейітұлы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті мен бейіндік мектеп түлектерінің соңғы қоңырау кешіне қатысып, сәт сапар тіледі. 
  • Жансейіт Түймебаев Цукуба университетінің вице-президенті, профессор Онеда Осамамен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
  • Сондай-ақ ректор Ош мемлекеттік университетінің делегациясымен жүздесті.
  • Жансейіт Қансейітұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған «Заманауи тілтанымдық зерттеулер» тақырыбындағы стенд-конференциясында баяндама жасады. 
  • Университет ректоры Ақтау қаласында өтіп жатқан ХІІ жазғы универсиада жеңімпаздарын марапаттады. Сонымен қатар универсиаданың алдағы спорттық жарыстарына қатысуға бара жатқан университеттің спортшыларына сәттілік тіледі.  
  • Жансейіт Түймебаев барша қазақстандықтарды 4 - маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.