Құрметті Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,
білім алушы жастары!
Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміздің басты нышаны – Елтаңба, Ту, Әнұранымыз әрбір Қазақстан азаматы ерекше мақтан тұтатын ұлттық құндылығымыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында:
«Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы», – деп атап өтті.
Мемлекеттік рәміздер қазақстандықтарды біріктіруде, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.
Елтаңбамызды төрімізге іліп, Туымызды биікте желбіретіп, Әнұранымызды жүрекпен айту – бабалар арманының орындалғанының айқын көрінісі.
Тәуелсіздігіміздің қасиетті тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз жаңа, әділетті Қазақстан құру жолында біртұтас халық ретінде мемлекеттігімізді нығайтуға үндейді.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, елдігіміз баянды болсын!
Шаңырақтарыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, жақындарыңызға амандық тілеймін.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ