Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

4-мау-23

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті. 

Оқу орнының студенттері  Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне және Әнұранды жаппай орындау флешмобына қатысты. 


Білім алушы жастар  ҚазҰУ қалашығында Әнұранды жанды дауыста орындап, ұлттық рәміздер шеруін өткізді. 


Сондай-ақ «Мәңгілік ел» аркасы алдында Алмас Ахметовтың өлеңіне жазылған Ермұрат Зейіпханның «Көк тудың желбірегені» әніне флешмоб түсіріп,  ел тарихы мен мәдениетіне шынайы құрметін көрсетті.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
Баспасөз қызметі