Жаңалықтар

ҚазҰУ тағы да жеңіс тұғырында

8-мау-23

XII жазғы универсиада ойындарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрама командалары тағы да жеңіс тұғырынан көрінді.

Спорттық шараның кестесіндегі жеңіл атлетика жарыстарының қыздар және ерлер арасындағы сайыс нәтижелеріне сәйкес, қыздар арасында ядро лақтыру жарысында ҚазҰУ студенті Кем Эрика I орынды иеленді. Ал ұлдар арасындағы 4х100 эстафета сайысында ҚазҰУ құрамасы II орынға табан тіреді. Команда құрамында Қарабаев Жандос, Қапан Талғат, Ибрагимов Әділ мен Түлегенов Алхам сынға түсті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі