Жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

11-мау-23

  • Жансейіт Түймебаев Academic Leadership Institute бағдарламасының Data driven decision making (деректер негізінде шешім қабылдау) үшінші модулі шеңберінде офлайн оқыту жиынына қатысып, баяндама жасады. 
  • Ректор «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әбділда Шәменовпен кездесті. Жүздесуде екіжақты ынтымақтастық бағытындағы ұсыныстар талқыланды.
  • Оқу ордасының ректоры филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қансейіт Әбдезұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Қансейіт Әбдезұлы және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.  
  • ҚазҰУ басшысы Харбин политехникалық университетінің проректоры, профессор Чжэнь Лян бастаған делегацияны қабылдады.
  • Жансейіт Қансейітұлы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысып, ұйымды айтулы мерейтойымен құттықтады. 
  • Ректор Халықаралық мәдени дипломатия институтының төрағасы Мұхаммед Камил әл-Муайни, Халықаралық мәдени дипломатия институты Директорлар кеңесінің мүшесі Мұхаммед Исмаил Карим және Араб тілі академиясының бас хатшысы Мұхаммед Сафи Мостеганемимен кездесу өткізді.
  • Жансейіт Түймебаев Шенжен университеті Медицина мектебінің атқарушы директоры, профессор Синьцзи Сю (Хавьер) бастаған Қытай делегациясын қабылдады. 
  • ҚазҰУ басшысы Алматыда өткен Huawei Middle East & Central Asia Tech Carnival 2023 саммитіне қатысып, Huawei компаниясының өкілдерімен жүздесті. 
  • Ректор Ақтауда өтіп жатқан XII жазғы универсиада ойындарында жеңіл атлетика, шахматтан, жүзуден, үстел теннисінен және тоғызқұмалақтан жеңіске жеткен спортшыларды құттықтап, ыстық лебізін білдірді.