Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясы (ММЗА) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы бойынша келісімге қол қою рәсімі ҚазҰУ ректорының кеңесшісі, профессор Еркін Дүйсеновтің О.Е.Кутафин атындағы университетке сапары аясында өтті.

Профессор Еркін Ерманұлы сондай-ақ ММЗА студенттеріне халықаралық интеграциялар туралы дәріс оқып, О.Е.Кутафин атындағы ЖОО өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Жоғары оқу орындары арасындағы ұзақ жылдардан бергі ынтымақтастық аясында көптеген бірлескен іс-шаралар өткізіліп, университетаралық жобалар жүзеге асырылды. ММЗА ректоры В.Блажеев атап өткендей, келісім ұзақ мерзімді әріптестік байланыстарды нығайтуға және өзара іс-қимылды жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында профессор Е.Дүйсенов бүгінде ғалымдар арасында тұрақты байланыс орнатуға ұмтылу қажет екенін атап өтті. Мәселен, ҚазҰУ түрлі салаларда ресейлік ЖОО ғылыми-білім берудің өзара іс-қимылының бай тәжірибесіне ие және ынтымақтастық туралы 180 шартқа қол қойылған. ТМД Желілік университеті аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қосдипломды білім берудің магистрлік бағдарламаларын іске асырады, студенттермен алмасуды жүргізеді, сондай-ақ дәріс оқуға және PhD докторанттарына ғылыми жетекшілік етуге жетекші ресейлік ғалымдарды белсенді тартады.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі