Жаңалықтар

Метеоролог студенттер өндірістік тәжірибеден өтті

15.06.2023

Өндірістік тәжірибе – студенттің дайындық кезеңіндегі ең маңызды кездің бірі. Бұл өндіріс процесін іштей танып білетін, оқу барысында алған білімді тиянақтайтын және қолданатын уақыт. Сондай-ақ студенттер өндірістік тә­жі­рибе кезінде кәсіпорынның қызмет ету ерек­шелік­терін көреді әрі бұл теориялық білімнен жан-жақты ерек­шеленетін тәжірибелік жұмыс дағдыларын қалып­тас­тыруға мүмкіндік береді. Студенттер оқуды аяқ­тағаннан кейін жұмысқа орналасатыны анық. Ал бұл кез келген кәсіпорын үшін өз қатарын жас, дарынды, білімді, білікті мамандармен толықтыру мүмкіндігі екені айдан анық. Осы орайда, география және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедра­сы­ның 4-курс студенттері де жаңа білім алуға және өздерінің тәжірибелік мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтыла отырып, «Қазгидромет» РМК-ның республика бойынша филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті. 

Тәжірибе барысында «Қазги­дро­мет» РМК филиалының жалпы жұмыс режимі, ондағы атқа­ры­ла­тын жұмыс түрлері және қыз­мет­керлер туралы танысу жұмыстары жүргізілді.

Синоптик маман қысқа мер­зімді болжау бөлімінде жер кар­та­сымен қатар, биіктік карта­ла­рын да өңдеп, талдау жасайды. Арнайы әдістемелерді қолдану арқылы ауа райына болжау жүр­гізеді. Ауа ластануының мәлі­мет­тері бойынша айлық бюлле­теньдер жасалады.

Алматы қаласындағы филиал Алматы қаласы, Алматы облысы және жалпы ҚР террито­рия­сын­дағы таулы өңірлерге ауа райы болжамын жасайды. Ол метео­ро­логиялық болжам ғана емес, сонымен қатар қар көшкіні, сел қаупі, су тасқыны болу қауіптері және т.б. ауа райының қауіпті құбылыстары жөніндегі мәлімет­тер­мен төтенше жағдайлар ме­ке­месін қамтамасыз етеді.

Синоптиктер филиалда тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс іс­тей­ді (таңғы 08:00-ден 08:00-ге де­йін). Таңғы 06:00-де бақылау жа­салатын күн туралы мәліметтерді жіберіп, бақыланған тәулікте байқалған ерекше құбылыстарды, синоптикалық жағдайлар туралы және қауіпті метеорологиялық құбылыстар байқалған уақытта келесі келетін кезекші синоп­тик­ке баяндап береді.

Синоптик өзінің жұмыс күнін сол тәулікке арналған жер кар­та­сын, абсолюттік топография (850, 700, 500 гПа) және салыс­тыр­малы топография (ОТ 500/1000) карталарын өңдеуден бастайды. Синоптикалық карталарды өңдеу барысында жалпы болжам жа­салып, арнайы бланк қағаз жүзінде толтырылады және бұл әрекеттерді орындау барысында Алматы қаласының бланкісін толтыру Өзбекстан Гидромет ор­та­лығының бланкісімен салыс­тыру арқылы жүзеге асады. Дәл осы­лай Батыс Қазақстан аудан­да­ры Түркия елінің Гидромет ор­та­лығы мәліметтерімен қарас­ты­ры­лады. Себебі Түркияда Қа­­зақ­­станның батыс террито­рия­ларына қажет мәліметтердің өң­­делу және толтыру уақыттары сәй­кес келеді.

Болжам жасалатын күнге жа­салатын бланк қолайсыз метео­ро­логиялық жағдай жоспарында электронды түрде де толтырылып, бір күндік дайын болжам алы­нады. Яғни синоптик өзінің жұ­мыс күнін ауа райы болжамдарын толықтыру және қауіпті штормдық жағдайлар байқалуы мүмкін болса, сол жайында ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарлаумен бастайды. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар байқалуы мүмкін болған жағдай­да сол аудан тұрғындарына 112-ден хабарламалар жолданады.

Гидрометеорологиялық бол­жам­дардан басқа, ауаның лас­тану деңгейі анықталады, яғни Р па­раметрінің мөлшері анық­та­лады және ауаның ластануына, оның таралуына әсер ететін метео­параметрлерді толтырады (3-сурет). Оларға жер беті мен 850 мб деңгейіндегі ауа тем­пе­ратурасы (12-48 сағат), жел жыл­дамдығы мен бағыты, минималды және максималды ауа темпе­ра­турасы, жауын-шашын көрсеткіш­те­рі жатады. Сонымен қатар ауаның ластануына әсер ететін элементтер туралы мәліметтер де қарастырылады. Бұл мәліметтерді арнайы химик мамандары сағат 12:00-де жібереді. Алынған барлық мәліметтер біріктіріліп, «Қазгидромет» РМК сайтына жүк­теледі. Тәжірибеден өту күндері төрт күн қатарынан Алматы қа­ла­сы қызыл аймақта болған жағ­дай­лар да кездесті.

Метеорология маманды­ғы­ның 4-курс студенттеріне «Қазги­дро­мет» РМК республика бо­йын­ша филиалдарында өткен өн­­дірістік тәжірибе болашақ жұмыс ба­ры­сын игеруге, олардың өз ма­ман­ды­ғына деген қызығу­шы­лығын арттыруға түрткі болды. Со­нымен қатар жұмыстың реттілі­гі­мен, зерт­теу түрлерімен таны­су­да зор тәжірибе жинақтады.

 Гүлнұр МУСРАЛИНОВА,

Метеорология және гидрология кафедрасының

аға оқытушысы