Жаңалықтар

Медицина қызметкері күні құтты болсын!

18.06.2023

🖋 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті медициналық кадрларды даярлайды.  

🖋 Факультеттің құрылымында – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі және Медицина жоғарғы мектебі, «Инновациялық денсаулық сақтау» ғылыми-тәжірибелік орталығы бар.

🖋 Жеке клиникалық базамен қамтамасыз етілген: Клиникалық-диагностикалық орталық, Алматы қаласы №1 қалалық ауруханасы.

🖋 Студенттердің жалпы саны 2000-нан асады, оның ішінде 22 елден 1000-нан астам шетелдік студенттер оқиды.

🖋 MBA бағдарламасы бойынша 100-ден астам денсаулық сақтау менеджерлері оқытылды.

🖋 Факультет «Денсаулық» ғылыми-зерттеу институты мен «Денсаулық және қоршаған орта» ғылыми-зерттеу зертханасында халықаралық және республикалық деңгейдегі 15-тен астам ғылыми жобаларды жүзеге асыруда.