Жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

28-мау-23

 

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,

студенттері, магистрант-докторанттары!


Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Ұлық мереке – береке-бірліктің, ізгілік пен  сыйластықтың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жол бастаушысы болсын!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей:

"Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді".

Әрдайым арман-мақсаттарыңыз орындалып, еліміздің мәртебесі арта берсін!

 

Құрметпен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры  

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ