Ислам ынтымақтастық ұйымы – 15 министрліктерінің бірінші диалог платформасына қатысушылар іс-шараның мазмұндық және ұйымдастырушылық деңгейде өткені туралы жылы лебіздерін білдіруде.
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жолдаған ықылас хатында атап өтті.
Хатта: «Елімізде өткен бұл жоғары деңгейдегі отырыс Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ислам әлеміндегі ғылым мен жоғары білім салаларын кеңінен насихаттауға бағытталған бастамасын іске асыруға мүмкіндік берді», - делінген.

Еске сала кетейік 2023 жылы мамыр айының 25-26 күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ислам ынтымақтастығы ұйымы – 15 диалог платформасы» тақырыбында ұйым министрлерінің бірінші кездесуі өткен еді. Ауқымды іс-шараға Әзірбайжан, Камерун, Индонезия, Иран, Марокко, Түркия, Катар, Иордания, Индонезия, БАӘ, Сауд Арабиясы және т.б. елдердің өкілдері қатысқан болатын.
Халықаралық мұсылман ұйымына бүгінде 57 ел мүше.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі