Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде:
«Стратегиялық маңызы зор мақсаттарға қол жеткізу үшін сыртқы жағдайлар да қолайлы болуы керек.
Дипломаттардың міндеті – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру», – деп атап өткен болатын.
Қазіргі таңда еліміз барлық жетекші мемлекеттермен екіжақты дипломатиялық қатынастар орнатып, халықаралық қатынастар саласында өзіндік бағыт ұстанып келеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дипломатия мамандарын даярлаудың алғашқы ұстаханасы ретінде ерекшеленеді.
Қазақта «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» деген сөз бар.
Ел мен жердің тату болуына атсалысып, міндетін мінсіз атқарып жүрген сала мамандарын шын жүректен құттықтаймын!
Халықаралық аренадағы арман-мақсаттарыңыз орындалып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ