Жаңалықтар

Қазақ диаспорасының тарихын зерттеген ғалым

11.07.2023

Халқымызды ілім-білімге ба­ғыт­тауға шексіз еңбек сіңірген Алаш арыстарының бірі, ағар­ту­шы әрі педагог Ахмет Бай­тұр­сынов атамыз: «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайдан шығар», – дегенді бекер айт­па­ған болар. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Қазақ­стан­дағы ең алғашқы университеттердің бірі, қара ша­ңырақ аталып келген Қазақ ұлттық университеті та­рих факультетінің ұстаздары универ­си­теттегі барлық факультеттер мен мамандықтарға сабақ беріп, бәсе­кеге қабілетті білімді жас­тар­ды тәрбиелеп, олардың ал­ға қа­рай ұмтылуына, ғылым мен білім­ге бейім бо­луына қосқан үле­сі зор. 

Тарихын білмей, алға қа­рай даму мүмкін емес. Төл та­рихы­мызды оқыту арқылы біз бі­лім­ді, болашағын болжай ала­тын, са­налы әрі Отанын сүйе бі­ле­тін, рухы жоғары жаңа буын жас­тар­ды қалыптастыра аламыз.

Бүгінгі жас буынды тәрбие­леу, білім беру саласында үздік педа­гог­тердің ішінде ерекше оқы­ту­шылардың бірі, ұлағатты ұстаз, шебер ұйымдастырушы, зерттеу­ші ғалым, білімді кадр­лар даяр­лау­ға өзінің үлесін қосып келген тарихшы-ғалым Гүлнар Қозғам­бае­ваның орны бөлек. Үлгі-өнеге болатын ұлағатты ұстаздардың өмірі – ғибрат, қалдырған ғылы­ми мұрасы – өшпес қазына Гүл­нар Бестібайқызының өмірі мен қызметіне тоқталып өтуді жөн деп таптым.

Гүлнар Бестібайқызы 1990 жы­лы М.Әуезов атындағы пе­да­­го­гикалық институтының та­рих факультетін «Тарих және пе­да­го­гика» мамандығы бо­йын­ша үздік дипломмен бітіріп, 1994-98 жыл­дар аралығында Қ.А.Ясауи атын­дағы ХҚТУ ас­пи­рантурасын оқып, 1999 жылы «Моңғолиядағы қазақ диас­по­расының тарихы: бүгіні мен ертеңі» тақырыбында диссер­та­ция қорғап, Отан тарихы (Қа­зақ­стан Республикасының та­ри­хы) мамандығы бойынша тарих ғылымының кандидаты ғы­лыми дәрежесін алады. 2000-09 жыл­дары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Қазақстан та­ри­хы кафедрасының аға оқыту­шы­сы, 2009-12 жж. Қазақ мем­лекеттік қыздар педа­го­гикалық университетінің Қа­зақ­стан тарихы кафедрасында аға оқы­тушы, доцент (2011 ж.) қыз­мет­терін атқарды. Сөйтіп, қыз­мет­тің барлық баспал­дақ­тарынан өтіп, 2013 оқу жылынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультеті Қа­зақ­стан тарихы кафедрасына до­цент қызметіне орналасып, бү­­гін­гі күнге дейін сәтті жал­ғастырып келеді.

Гүлнар Бестібайқызы 2022 жылы желтоқсанда тарих ма­ман­ды­ғы бойынша про­фессор атағын иеленді. Әрі 2022 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болуына орай, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің төсбелгісімен және стипендия­сы­мен марапатталды.

Ғылым жолын пе­дагогика­лық қызметпен ұштастыра біл­ген ұстаздың педагогикалық ең­бек өтілі 33 жыл ішінде үш ғы­лыми мо­нография, 12 оқу құ­ралын жаз­ды. Бес оқу-әдіс­темелік құрал мен бір элек­трон­ды оқу құралы, үш элек­­тронды оқулық (авторлық бірлестікте) және «Қазақ­стан­ның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша дайындалған МООК ав­торы (авторлық бір­лес­тікте) кеңінен танымал болды. Сонымен қатар 165-тен аса ғылыми мақ­а­лалары мен баяндамалары бар, оның ішін­де ККСОН басылым­да­рында 51 мақала және шетел­дер­де өткен конференцияларда жасаған баяндамалары негізінде 15-і жарық көрген. Scopus мәлі­мет­тер базасына енген журналда жеті мақаласы жарияланған, оның ішінде төрт мақаланың про­центилі 50-ден жоғары.

Гүлнар Бестібайқызының пе­дагогикалық шеберлігі шың­дал­ған, кәсіби біліктілігі жо­ға­ры ұс­таз деуге толық негіз бар. Ұстаз­дың жетекшілігімен бака­лав­риат пен магистратурада көп­теген шәкірттері диплом, дис­сер­та­циялық жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, кәсіби маман ретінде түлеп ұшып жатыр. Ал 2020 жылы ҚР ЖОО студент­те­рінің ХІ респуб­ли­калық студенттік пәндік олимпиадасында (Е.Бө­кет­ов атындағы ҚарМУ) және 2021 жылы ҚР ЖОО студент­те­рінің ХІІ республикалық студенттік пәндік олимпиадасында (Л.Гу­ми­лев атындағы ЕҰУ) Гүлнар Бес­ті­бай­қызының жетекшілі­гін­дегі та­рих мамандығының студенттері олим­пиада жеңім­паз­дары ата­нып, жүлделі орын­дарға ие бол­ды. Профессор Г.Қозғамбаева жыл­да өтетін «Фараби әлемі» атты халық­ара­лық студенттер мен жас ға­лым­дардың ғылыми кон­фе­рен­ция­сында магистрант­тар мен сту­денттердің ғылыми жұ­мы­сына жетекшілік жасап, үз­дік баяндамалары үшін мара­пат­қа ие болып жүр. Биыл, мәселен, 1-курс магис­транты Е.Бай­дәу­лет жүлделі 2-орынды иеленді.

Бірінші курс магистрант­та­рының ғылыми тарих-гео­гра­фия тобының эдвайзер-кура­то­ры ре­тінде қызмет атқарып жүрген профессор Г.Қозғам­баева тарих факультеті мен университеттегі басқа факуль­тет­терде «Қазақстан тарихы», «Қазақстанның қазіргі заман та­рихы», «Жаңа заман та­ри­хы» пән­дерінен бакалав­риат сту­денттеріне және 1-2 курс ма­гис­­трлеріне «Оқытушы-та­рих­шы­ның методикалық қ­ұзы­­рет­­ті­ліктері», «ХІХ ға­сыр­дағы Орталық Азияның карто­гра­фиялық зерт­теу­лері», «Тарихты оқы­тудағы ин­но­вациялық әдіс­тер» пәндерінен сабақ беріп, жас ұрпақты білімге баулып, рухани тәрбие беруде.

Ғылым жолында Гүлнар Бес­­тібайқызы сырттағы қазақ диас­по­расының тарихын зерт­теген білікті маман. Сонымен қатар тарихты оқыту әдістемесі мен тех­но­логиялары бойынша көптеген еңбектердің авторы. Зерттеуші ретінде тарих сала­сында өзекті тақырыптар бо­йын­ша алыс және жақын шет­елдерде өтетін конфе­рен­циялар мен симпозиумдарға қатысып, баяндамалар жасайды. Мәсе­лен, Түркия, Әзірбайжан және т.б. елдерде өткен конфе­рен­цияларға қатысып, кәсіби ше­бер­лігін шыңдап, авторлық па­тенттер мен әртүрлі дең­гейдегі дипломдар, серти­фи­каттар, ал­ғыс хаттармен м­а­рапат­тал­ған.

Гүлнар Бестібайқызы Ұлт­тық бірыңғай тестілеуге ар­нал­ған «Қа­зақстан тарихы», «Дү­ниежүзі тари­хы», «Құқық не­гіздері» пән­де­рі бойынша тест тапсыр­ма­ларын құрас­ты­ру­шы және са­рап­­шы­сы ре­тінде 2019 жылдан бері қыз­мет етеді. Бұл ғалымның жауап­­кер­шілігі мол, білімі те­рең, кәсіби машықтанғанын көр­сетеді.

Профессор Гүлнар Бесті­бай­қызы кафедрада, ұжымда білікті маман, адамгершілік қасиеті жоғары, өз жұмысын жауапкер­ші­лікпен істейтін адал да қара­пайым және шәкірттері алдында беделді тұлға.

Ұлағатты ұстаз, ғалым, шебер ұйымдастырушы ретінде Г.Қоз­ғам­баева әлі бірнеше буын ұр­пақты тәрбиелеп, елі­міз­де білімді педагог кадрлар даяр­­лау­да өзін­дік үлес қоса­тынына сенеміз.

Нәзия ТАСИЛОВА,

Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.