Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы білім гранттарын беруге құжат қабылдай бастады.
Құжат қабылдау мерзімі 13-20 шілде аралығында өтеді. Алғашқы бір сағаттың ішінде мемлекеттік білім гранттарына 375 үміткер құжат тапсырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып, талапкерлерге сәттілік тіледі.

Білім гранттары конкурстық негізде нақты мемлекеттік білім беру бағдарламалары бойынша беріледі.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 600-ден астам білім беру бағдарламаларын ұсынады. Өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артты. «Керемет» СҚО ғимаратында бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша 16 факультет құжат қабылдап жатыр. Құжат қабылдау Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бішкек қаласындағы (Қырғызстан) филиалында да жүзеге асырылады.

8 шілдеден бастап журналистика факультетінде екі шығармашылық емтихан өткізілді. 352 талапкер емтихандарды сәтті тапсырды. Олар эссе, шығарма жазып, сурет салды, композиция құрастырды. Көптеген үміткерлер ауылдық жерлерден келді және мемлекеттік жеңілдіктерге ие.


Талапкерлерге сәттілік тілейміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі