ҚазҰУ қабылдау комиссиясы бір күн ішінде электрондық кезек арқылы 1091 адамға қызмет көрсетті. Оның ішінде мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына 603 талапкер қатысты.
Қазақ бөліміне – 449, орыс бөліміне – 154, ағылшын тілінде оқытатын топқа 1 адам өтініш білдірді. Олардың арасында
көпбалалы отбасынан шаққан – 120, 62 "Алтын белгі" иегерлері бар.
Талапкерлердің басым бөлігі физика-техникалық, механика-математика, ақпараттық технологиялар, филология, Экономика және бизнес жоғары мектебін таңдады.
Сонымен қатар құжаттар Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтер базасы арқылы онлайн режимде де қабылданды. Ал "Оқуға түсушілерге" парақшасына кіріп, ақпаратпен танысушылар саны 35 мыңға жетті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі