Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

16.07.2023

 
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) өткен «Орталық Азия жоғары білім берудің келесі орталығы ретінде» атты халықаралық конференциясына қатысты.
  • Университет ректоры Жансейіт Қансейітұлы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде сөз сөйледі.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті ректорының ғылыми жұмыс жөніндегі кеңесшісі, белгілі ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Нұр Қирабаевпен кездесіп, әріптестік қатынастарды одан әрі арттыру бойынша пікір алмасты.    
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып, талапкерлерге сәттілік тіледі.
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Алтай мемлекеттік университетінің президенті Сергей Землюковпен кездесті. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
  • ҚазҰУ ректоры белгілі қазақстандық ғалым және дипломат Мұрат Лаумулинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде сөз сөйлеп, отбасына көңіл айтты.