Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Ыстамбұл қаласының Бакыркой аудандық сотының төрағасы, доктор Барыш Думан арнайы сапармен келді. Құрметті қонақты қарсы алған ҚазҰУ басшылығы университеттің тарихын, қызметі мен жетістіктері туралы ақпарат беріп, арнайы кампус-тур ұйымдастырды.

Барыш Думан ҚазҰУ музейін, заң факультетін, Жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен танысып, Инженерлік және жоғары технологиялар кластерін, Процестік инновациялар орталығы мен Әл-Фараби кітапханасын аралады.

Кездесу барысында Түркиядан арнайы келген қонақ университет басшылығы мен қызметкерлеріне ҚазҰУ-дың қызметі жайында толық ақпарат бергені үшін ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Ыстамбұл қаласының Бакыркой аудандық сотының төрағасы Барыш Думан екі елдің ЖОО-лары арасында тығыз қатынастар орнатып, арнайы семинарлар мен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы білім және ғылым саласының дамуына айтарлықтай үлес қосуға болатынын айтты.


Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түркияның 20-дан астам жоғары оқу орнымен серіктестік орнатып, соңғы екі жыл ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 200 студент пен 100-ден астам оқытушы білім мен ғылымға қатысты шараларға қатысып, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырды. Айта кетерлігі, былтыр Түркияның Ыстамбұл қаласында ҚазҰУ филиалы ашылды.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі