Жаңалықтар

«Қазақ синтаксисі: тарихи дамуы жєне қазіргі ғылыми бағыттары» профессор Т.Сайрамбаевтың 75 жылдығына орай өткізілетін Республикалық ғылыми-теориялық конференция

05.03.2012

ТАЛҒАТ САЙРАМБАЕВ

1937 жылы 19 ақпанда Шымкент облысы қазіргі Бәйдібек ауданы Сыпатаев атындағы ауылдың Жиенқұл бөлімінде дүниеге келген. 2009 жылдың 20 қарашасы күні 73 жасында Алматы қаласында дүниеден өткен.

Филология ғылымдарының докторы (1983 ж.), профессор (1985 ж.);

  • · 1945-1948 жж. – Жиенқұм бастауыш мектебінде оқыған;
  • · 1948 жылдан бастап Арыс қаласындағы №18 мектепте оқып, онжылдықты аяқтаған;
  • · 1955-1960 жж. Шымкент педагогикалық институты тіл және әдебиет факультетін бітірген;
  • · 1954-1955 жж. және 1960-1961 жж. Шаян орта мектебінде аға пионер вожатый, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет істеген;
  • · 1961 ж. ҚазССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасына түскен;
  • · 1961-1964 жж. ҚазССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспиранты;
  • · 1964-1971 жж. Гоголь атындағы Қызылорда педогогикалық институты қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарған;
  • · 1971-2009 жж. бастап , қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қазақ филологиясы кафедрасының доценті, профессоры;
  • · 1971-1980 жж. дайындық факультеті деканының орынбасары, деканы;
  • · кафедра меңгерушісі, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі;
  • · 1986-1987 жж. филология факультеті сырттай оқу бөлімінің деканы;
  • · 1986-1989 жж. Шет тілдері университетінің оқытушысы, профессоры;
  • · 1989-1999 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі;
  • · 1995-1996 жж. Түркістан қаласындағы қазақ-түрік университетінің профессоры;
  • · 1999 -2002 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі;
  • · 2002-2009 жж. «Қайнар» универсиетінің филология кафедрасының профессоры;
  • ·
  • · 1984 ж. профессор М. Балақаевтың жетекшілігімен «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестерінің құрамдық-семантикалық типтері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорған ;
  • · Профессор Т. Сайрамбаев – қазақ тіл білімі синтаксисі, оның ішінде сөз тіркесі мәселесімен түбегейлі айналысқан. Профессор
    Т. Сайрамбаев Ұстазы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор М. Балақаевтың ілімін жалғастыра отырып, қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисін зерттеудің өзіндік мектебін қалыптастырған ірі ғалым. Сөз тіркесінің мәселелері профессор Т. Сайрамбаевтың кандидаттық, докторлық диссертацияларында, 15-ке жуық монографиясы мен 230 ғылыми мақаласында ғылыми тұрғыда жан-жақты зерделенді.
  • · Профессор Т. Сайрамбаев «Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері» (1976), «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері (1981), «Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» (1981), «Сөз тіркесімен жай сөйлем синтаксисі» (1991), «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» (1996), «Синтаксис туралы ойлар» (1996), «Синтаксистің кейбір мәселелері» (2004), «Жақ категориясының функционалдық көрінісі» (2005) т.б. оқу құралдары мен «Мәулен Балақаев» зерттеу-эссе монографиясының авторы;
  • · Профессор Т. Сайрамбаевтың жетекшілігімен 30 кандидаттық диссертация, 2 докторлық диссертация қорғалған;
  • · Профессор Т. Сайрамбаев 1986 ж. «Отличник высшей школы СССР» медалімен марапатталған;
  • · 2009 ж. ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойында «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағының иегері болды.