Жаңалықтар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған «Орталық Азияның солтүстікатлантикалық келісім Ұйымымен ғылыми-техникалық әріптестік перспективалары» атты ЖОО студенттері арасындағы ғылыми конференция

06.04.2009

ҚазҰУ-да университеттің 75 жылдығына арналған «Орталық Азияның солтүстікатлантикалық келісім Ұйымымен ғылыми-техникалық әріптестік перспективалары» атты ЖОО студенттері арасында ғылыми конференция өтті. Конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, НАТО жайлы Ресурстық және ақпараттық орталық, НАТО-ның Қоғамдық дипломатия департаменті (Брюссель) ұйымдастырды.

Конференцияға қатысуға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, ҚАУ, ҰҚК Академиясы, Әскери құрлықтағы әскер институты және т.б. ЖОО студенттері шақырылды.

Әр университет конференцияға НАТО-ның Орталық Азия елдерімен ғылыми-техникалық әріптестік перспективасы бойынша өз ойын және позициясын тура, анық әрі нақты жеткізе алатын студенттерін жіберді.

Конференция барысында Орталық Азия елдерінің стратегиялық орны және НАТО-ның осы аймаққа қызығушылық білдіруі, Солтүстікатлантикалық альянстың аймақтағы қауіпсіздік факторы ретіндегі ролі, НАТО-ның ғылыми бағдарламалары және т.б. маңызды мәселелердің басым бөлігі қарастырылды.

Орталық Азия аймағы - әлемдік саясат аренасында стратегиялық маңызды объект, барлық ұлы державалар осы аймақта өздерінің сыртқы саяси шараларын жүргізді және жүргізіп келеді. Көптеген мемлекеттерден басқа ірі халықаралық ұйымдар бұл аймақпен әріптестік жасауға қызығушылық білдіруде.

НАТО-ның ғылыми бағдарламасы «Бейбітшілік мақсатындағы әріптестік» жобасына мүше-елдердің ғалымдарын қолдауға бағытталады. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы - сәйкес инфрақұрылымдар мен семинарлар ұйымдастыруға қолдау көрсету арқылы ғылыми және оқу орындарды байланыстыратын жергілікті желілерді жасау. Мәселен, ақпараттық және ғылыми әріптестік саласында Қазақстан НАТО-ның қаржыландыруымен жүзеге асырылып отырған Орталық Азия және Кавказ елдерін бір-бірімен және әлемнің басқа елдермен байланыстыра отырып, Интернет ғаламдық торына қосылумен қамтамасыз ету «Виртуалдық Жібек жолы» жобасына қатысады. Конференцияға қатысқан студенттер келешекте құнды тәжірибеге айналатын мемлекетттік басқару, дипломатиялық қызмет пен сараптама құрылымдарының болашақ мамандары ретінде өздерін танытуға мүмкіндік алды.

Конференцияда НАТО-ның Орталық Азиядағы қызметінің әртүрлі аспектілері талқыланды. Қатысушылардың басым бөлігі НАТО мен аймақтың барлық елдерінің ғылыми-техникалық әріптестігіне қатысты тақырыптарды таңдаған. Бірақ әрқайсысы НАТО-ның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасындағы нақты саланы саралады.

Конференция қорытындысы бойынша ең үздік баяндамаларға жүлделі орындар тағайындалды. Бірінші орындарға ҚазҰУ-дың студенттері Дарья Ларионова мен Анна Гусарова, сонымен қатар Динара Садуақасова мен Дилроба Арзуметова ие болды. Конференцияға қатысушылар мен келген қонақтар әрі қарай осындай жобаларға қатысуға тілек білдірді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі