әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлына Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен осы ЖОО-ның Құрметті профессоры атағы берілді.
Профессор бұл жоғарғы атақты Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы жоғары деңгейдегі тарихшы мамандарды дайындауда зор үлесін қосқандығы үшін алды. Ол БҚМУ-де бірнеше рет ғұндардың тарихы, Орталық Азия және Еуразия тарихы, дүние жүзі, отан тарихының өзекті мәселелері бойынша мастер кластарды өткізді.
Профессорымызды шын жүректен құттықтаймыз.
