17 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіледі. Конференция «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі: әлеуметтік-философиялық талдау» атты ҚР БҒМ іргелі зерттеулері жобасы аясында өткізіледі.
Конференцияға Қазақстанның белгілі ғалымдары мен жақын және алыс шетелдерден қонақтар қатысады.
Философия және саясаттану факультеті
Философия кафедрасы