Эразмус Мундус бағдарламасы аясындағы ARCADE академиялық ұтқырлық жобасына құжаттарды қабылдаудың кезекті кезеңі басталды. Бағдарламаға қатысуға университетіміздің қызметкерлері мен PhD докторанттары шақырылады.
ARCADE жобасының консорциумы келесі еуропалық серіктес-университеттер: Турин политехникалық университеті (Италия), Адам Мицкевич атындағы Познань университеті (Польша), Нант орталық мектебі (Франция), Берлин еркін университеті (Германия), Корольдік технология университеті (Швеция), Сантьяго-де-Компостела университеті (Испания), Кардиф «Метрополитен» университеті (Ұлыбритания) кіреді.
Ұсынылатын бағыттар: ауыл шаруашылығы; архитектура, қалалық және ауылдық жоспарлау; бизнес, басқару ісі; білім саласы, оқыту ісі; инженерия; технология; география, геология; құқық; қоғамдық ғылымдар.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 2012 жылғы 30 қараша.
Құжаттарды тапсырудың тәртібімен жобаның ресми сайтынан таныса аласыз: http://www.arcade.polito.it.
Академиялық ұтқырлық бөлімі