Жаңалықтар

Музейде әл-Фараби оқулары бойынша семинар өтеді

29.10.2012

31 қазан 2012 ж. сағат 14-00-де университет музейінде әл-Фараби оқулары бойынша семинар өтеді. Ағымдағы жылы Қазақ ұлттық университетіне Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілгендігіне 20 жыл толып отыр (Министрлер Кабинетінің № 626-шы Қаулысы, 1991 жыл 23 қазан).


Шығыстың ұлы ойшылы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.) – түркі елінен тараған, қазақ топырағында дүниеге келген ғұлама (Отырар). Терең білім мен ғұламалық оны «Екінші Ұстаз» атандырды. Оның философия, логика, саясат, этика, музыка және астроноимия т.б. ғылым саласынан терең білімі болды. Ол келер ұрпаққа 160-тан астам ғылыми трактаттар қалдырды.

Қазақ ұлттық университетінде Әл-Фараби мұраларын сақтауда және жастар тарапынан оның идеяларын зерттеуде үлкен жұмыстар атқарылуда. Жаңа музейде ғұламаның мәдени мұраларына арналған Кешен жасақталып, жаңа әл-Фараби мұражайын салу ісі аяқталуда. Университет музейі әл-Фараби Орталығы, философия және саясаттану факультеті, география және табиғатты пайдалану факультеті халықаралық энергоэкология кафедрасымен бірлесе отырып, Фараби оқулары-Пәнаралық ғылыми-студенттік семинар өткізу бастамасын көтеруі кездейсоқтық емес. Мұндай семинар ғылыми-мәдени негізде екінші рет өткізілгелі отыр және бұл университетіміздегі игі дәстүрдің қалыптасуына негіз болуда.