Жаңалықтар

ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері ағарту жұмыстары бойынша Қаскелен қаласына барып қайтты

30.10.2012

29 қазан 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм, география, жерге орналастыру және кадастр кафедраларының оқытушылары және студенттері Қарасай ауданының Қаскелен қаласының мектептеріне ағарту жұмыстары мақсатында сапар шекті.

Делегация алдымен С.Керімбеков атындағы орта қазақ мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында студенттер өздерінің студенттік өмірлері туралы толық мәлімет беріп, өнерлерін көрсетті, олардың арасында рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері Д.Жалниязов, Т.Дусипова, М.Масгутов, Е.Фрунзбекулы, Е.Айтенов, метеорология және гидрология кафедрасының студенттері Г.Закария, Г.Кайыржан, А. Отарова, сондай-ақ тарих, археология және этнология факультетінің студенті Е.Бердалі белсенділік танытты. Кездесу кезінде алдын-ала дайындалған университеттің өмірі бойынша бейне ақпарат көрсетілді. Факультет оқытушылары М.І.Жылқыбаева, А.Т.Темірбеков, А.А.Жакупова, А.С.Иканова, Г.Р. Айжолова оқушылар сұрақтарына жауап беріп, университетіміздің оқу ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы тіл қатты. Сапар әрі қарай Белинский атындағы мектепте жалғасты. Бұл мектепте де факультет оқытушылары мен студенттері өнерлерін көрсетіп, кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

География және табиғатты пайдалану факульеті