Жаңалықтар

Энергиялық тиімді технологиялар қалыптастыру қажет

31.10.2012

31 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Жоғарытехнологиялық, энергиялық тиімділік және инновациялық компаниялар Қауымдастығымен (КАВЭИК) бірлесуімен ҚазҰУ-да «Энергиялық тиімді технологиялар: заманауи тенденциялар және даму келешегі» ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

Конференцияға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов, Алматы қаласы Энергетика және коммунальды шаруашылық басқармасының бастығы Серік Тютебаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, «Самрұқ-Қазына» АҚ Инновациялық саясат департаментінің директоры және КАВЭИК төрағасы Ғалым Амреев және басқада мекеме басшылары, өкілдері, университет профессорлары қатысуда.

Мемлекеттiк органдар, бизнес-құрылым және ғылым өкiлдерi экономиканың нақты секторына энергиялық тиімді технологиялар мен жүйелерді енгізу сұрақтары бойынша тиiмдi өзара әрекеттесудің үйлесiмдi ұсыныстарын талқылау мен өндiру үшiн алаң құруды мақсат еткен конференцияның жұмыс барысында нарықтық бәсекелестік шарттарындағы бизнестің тиімділігін артуына себепші болатын, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік беретін, жаңа энергиялық тиімді технологиялар мен жүйелерді қолданудың үздік тәжірибелерді көрсету жоспарланып отыр.

Энергияны тиімді қолдану және «жасыл экономиканың» дамуы қазіргі таңда Елбасы Н.Ә. Назарбаев алдыға қойған мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Өндірістен бастап коммуналды қызмет көрсетуге дейінгі қызметтердің барлық облыстарында энергиялық тиімділіктің артуы және энергия жұмсалуының кемуі Қазақстан Республикасының жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамыту Мемлекеттiк бағдарламасын iске асырудың басты мақсаттарының бiрi. Осы орайда өтіп жатқан конференцияның маңызына тоқталған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры Тілекқабыл Сәбитов: «Инновациялық дамуда энергетика маңызды орынға ие. Бүгінгі ғылыми жиында дәстүрлі энергия көздерімен қатар, желден, күн көзінен және басқада табиғат түрлерінен өзгеде энергия көздерін дамыту, табу қарастырылады. Сонымен бірге оларды табу жолы, техникасы ғана айтылып қоймай, арнайы мамандар оларды қалай жүзеге асыру керектігінен де ойларымен бөлісіп, жобаларын ұсынады. Сол жобалардың кем дегенде бір-екеуі өз жемісін беріп, табыс келтірсе, конференция нәтижесі, үлкен жетістік деп білеміз», - деп атады.

Конференция барысында сондай-ақ, КАВЭИК базасында энергиялық тиімділік бойынша сайт пен Қазақстан Республикасындағы энергиялық тиімді технологиялар мен қызметтер мәліметтер қорын құру талқыланады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі