Жаңалықтар

ҚазҰУ ұжымы театрда

02.11.2012

2012 жылдың 31 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің бастамасымен университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы және студенттік топтарымен барған куратор-эдвайзерлер, жақында өтетін «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы қыз-жігіттер Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен «Ай-Қарагөз» қойылымын тамашалады.

Қазақстан Республикасының халық әртісі, режиссер, театрдың көркемдік жетекшісі Талғат Темен көрермен назарына М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын «Ай-Қарагөз…» деген атпен жаңа нұсқада ұсынды. Жазылғалы бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, әлі күнге дейін әйгілі туынды тұңғиық сырға толы. Уақыт, заман, көзқарастар өзгерсе де, сезімнен туындайтын махаббатың өзгермейтіні анық. Қойылымдағы жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік, шы­найылық пен іңкәрлік, сүйіспеншілік пен адамгершілік, сенім мен сезім көріністері еріксіз баурайды. Жастарды адамдық пен адалдыққа, таза махаб­баттың мәңгілік құндылық екенін түйіндеуіне құнды ой тудыратын жаңа қойылым көрермен көңілінен шықты.